Мәжілісте техникалық реттеу және метрология мәселелері талқыға салынады

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 3 мамыр күні Парламент Мәжілісінде (А312-залда, сағ.11.00-де) жұмыс тобының отырысы өтеді.

Мәжілісте техникалық реттеу және метрология мәселелері талқыға салынады

Басқосуды Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға түседі.