Мәжілісте техникалық реттеу және метрология мәселелерін қамтыған заң жобасы талқыға түсті

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер

  Мәжілісте техникалық реттеу және метрология мәселелерін қамтыған заң жобасы талқыға түсті

мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға түсті. Құжат бұған дейін палатаның жалпы отырысында бірініші оқылымда мақұлданған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 11 желтоқсанындағы шешімімен қабылданған Халықаралық шарттарға сәйкестендіруді көздейді. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінде белгіленген халықаралық терминологияға қолданыстағы заң нормалары сәйкестендіріледі. Осы мақсатта бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершіліктің аражігін ажырату және оны күшейту нормалары енгізіледі. Бұдан басқа, техникалық регламенттер, стандарттар және нормативтік-техникалық құжаттар саласындағы бірыңғай мемлекеттік қор құру қарастырылады. Стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына жатқызу және өлшем құралдарын жөндеу әрі жасау құқығын алу үшін лицензиялаудағы міндеттілігі жойылатын болады.

Жиын барысында заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Елена Тарасенко ЕурАзЭҚ ПА кезекті отырысы жақын аралықта Санкт-Петерборда өтетіні жоспарланғанын атап өтті. Ол басқосуда да заңнамалық үйлесім мәселесі талқыланатын болады. «Біз қазірдің өзінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Қазақстан тарапының атқарған жұмыстары толыққанды ақпарат бере аламыз», - деді Е.Тарасенко.