Мәжілісте тексеру мен рұқсат беруге қатысты екі заң жобасының таныстырылымы өтеді

Осыған орай ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Марат Құсайынов таныстыратын бірінші заң жобасының атауы - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Сонымен қатар осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының мазмұны да депутаттарға таныстырылады.
Осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева жетекшілік жасайды.