Мәжілісте темекімен күресудің жаңа тәсілдері талқыға салынады

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 13-і күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына сәйкес үйлестіру» деген тақырып бойынша дөңгелек үстел өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлнәр Сейітмағанбетованың айтуынша, темекіге қарсы күресте заң қабылдауда Қазақстан ТМД елдерінің алдында тұр. 2004 жылы қазақ елі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылатынын мәлімдеді.

«2006 жылы Парламент аталған конвенцияны заң түрінде бекітті. Соның негізінде бірқатар заңдарға түзетулер енгізілді. «Жарнама туралы» заңға темекі өнімдерін жарнамалауға қатаң тыйым салынатыны жөнінде заңдық норма қосылды. Одан кейін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды. Онда темекіге қарсы күресу жөніндегі аталмыш конвенцияның баптарын орындау бағытында 159-шы бапты қабылдадық»,- деді депутатГүлнәр Сейітмағанбетова.

Дөңгелек үстелде алдағы уақытта қандай заңнамалық өзгерістер енгізілуі тиіс екендігі жөнінде мәселе қаралады.

Соңғы жаңалықтар