Мәжілісте ТМД елдеріндегі еңбекші-мигранттар мәселесі қаралады

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/. Қарашаның 3-і күні өтетін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді. Онда бірқатар заң жобалары талқыға салынады.
None
None

Атап айтқанда, ТМД елдеріндегі еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі сөз болмақ. Бұл мәселе «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасында қарастырылып отыр, деп
хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сол секілді осы отырыста «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралмақшы.

Осы жобалар жөнінде бірқатар министрліктердің өкілдері баяндама жасайды деп күтіліп отыр.

Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістері қаралады.

Соңғы жаңалықтар