Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрінің баяндамасы тыңдалады

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қазанның 21-і күні Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Парламент мінберінен сөз сөйлейді,

Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрінің баяндамасы тыңдалады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет мүшесі Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндап береді. Бұл заң жобасын Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті бірінші оқылымда талқыға шығарып отыр.

Осы күні депутаттар Қаржы және бюджет комитетінің ұсынысы бойынша кейбір заңнамалық актілерге тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасын  екінші оқылымда талқыға салады.