Мәжілісте тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңнаманы іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 22-сі күні Парламент Мәжілісінде «Тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңнаманы іске асырудың практикалық аспектілері» деген тақырып бойынша дөңгелек үстел өтеді,

Мәжілісте тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңнаманы іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараның ұйымдастырушысы - «Нұр Отан» ХДП ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңесі.

Дөңгелек үстел «Нұр Отан» партиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Бұл жөнінде «Нұр Отан» ХДП-ның Мәжілістегі фракциясы жанындағы Қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңесінің төрағасы Валерий Доскалов мәлім етті.