Мәжілісте туризм мен спорт кешендерінің көрмесі таныстырылды

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қанат жайған көрме депутаттарға таныстырылды,

Мәжілісте туризм мен спорт кешендерінің көрмесі таныстырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл көрме «Туризм мен спортты дамытудың міндеттері мен келешегі» тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағаты аясында ұйымдастырылған.ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламентшілерге ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов көрмеге қойылған жобалар жөнінде түсінік берді. Көрмеде Қапшағай бойынан бой көтеретін «Жаңа Іле» туристік орталғының, 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының спорттық нысандарының жобалары қойылған. Отырар тарихи кешенін дамыту жобасы да көрмеде көрініс тапқан.