Мәжілісте Үкіметтің тұрақты экономикалық өсімді қамту шаралары талқыланатын болады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 4 наурызда Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді деп жоспарлануда. Жиын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін дағдарысқа ден қою шаралары» атты тақырыппен өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәжілісте Үкіметтің тұрақты экономикалық өсімді қамту шаралары талқыланатын болады

Басқосуда негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, министр халық қалаулылары тарапынан қойылған сауалдарға жауап беретін болады.