Мәжілісте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіледі

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламентте ел үшін жасалған өшпес ерліктер мен бейбітшілік туралы сыр шертіледі, Отан қорғаушылардың құрметіне соғыс жылдарының әндері шырқалады. Өйткені Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мәжіліс үйіне келеді. Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлерін Парламент қабырғасында Мәжілістің Төрағасы Орал Мұхамеджанов қарсы алады,

Мәжілісте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жүздесу Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аясында өткелі тұр. Бағдарламада жоғарғы өкілетті органның ғимаратымен танысу, парламентшілермен бірге фотосуретке түсу секілді іс-шаралар қарастырылған. Сонымен қатар Астана қалалық мемлекеттік филормониясы мерекелік концерт қоятыны және әр ардагерге жалынды жылдардың әні арналатыны жоспарлануда.