Мәжілісте «Заңанама және тәжірибеде қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында» атты халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 1 маусым күні, Мәжілісте «Заңанама  және  тәжірибеде  қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында»  атты халықаралық конференция өтеді.

Мәжілісте «Заңанама  және  тәжірибеде  қазақстандық  балаларды жан-жақты қорғау жолында»  атты халықаралық конференция өтеді

Бұл шара балаларды қорғау күніне және Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуының 20 жылдығына орай өткізіледі.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Еуропа Кеңесітің, Норвегия Королдігінің елшілігінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Еуропалық елдер үкіметтерінің өкілдері және балалардың құқығын қорғау саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда тең мүмкіндікті қамтамасыз ету бағытында балалардың құқығын қорғау жүйесін дамытуда ведомствоаралық стратегиялық бағытты анықтау.