Мәжілісте заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасы таныстырылды

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы еліміздің ұлттық заңнамасын ҚР Конституциялық кеңесінің 2009 жылғы тамыздың 20-сындағы шешіміне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Парламент палаталарының төрағалары ҚР Конституциялық Кеңесіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізілген өзгерістердің Ата заңға сәйкестігі жөнінде сұрау салған болатын. Бұл ретте Конституциялық Кеңес ұсынылған материалдар негізінде құжаттың еліміздің Негізгі заңына қайшы келмейтінін мәлімдеген еді. Дегенмен, Кеңес заңнаманың жекелеген ережелерінде нақтылау болмағанын, ал ондай норманы қолданысқа енгізу азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкіндігін ескерткен болатын.

Жалпы, заң жобасы бойынша азаматтарды және кәсіпкерлерді құқық қорғау органдары, шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдары тарапынан негізсіз қудалау фактілеріне жол берілмейді. Сонымен бірге, құжатта «көлеңкелі экономиканың» кеңеюінің адын алу, бюджетке салық түсімдерін арттыру шаралары көзделеді. Осыған орай, заң жобасымен Азаматтық кодекске, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, «ҚР Банктері және банктік істері туралы» «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына өзгерістер енгізілетін болады.

Заң жобасы жұмыс тобында жан-жақты талқылауға жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар