Мәжілісте «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ақпанның 26-сы күні «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасының тұжырымдамалық мақсаты туралы Мәжіліс депутаттары алдында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев баяндама жасайды.Бұл шараны Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ұйымдастырып отыр.Айта кету керек, заң жобасының мақсаты экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін, оның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану үлесін арттыру болып табылады.
Соңғы жаңалықтар