Мәжілісте «Жайылымдар туралы» заң жобасы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жайылымдар туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті. Заң жобасы Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35, 97-ші қадамдарын іске асыру және «Қазақстан-2050» стратегиясында жүктелген міндеттерді орындау мақсатында әзірленген.
None
None

Құжат еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағытталады. Бұдан бөлек, құжатта экологиялық таза мал өнімдерін өндіруді арттыру мәселелері қарастырылып отыр.

«Еліміз кең байтақ, солай бола тұра ауылдағылар мал жайылымынан тапшылық көріп отыр. Осыған байланысты сұрақ туады: бүгінгі күні жайылымдар қалай пайдаланылып жатыр? Қазақстанда жыл сайын шамамен 11 миллион мал басы жайылымдарда өрістейді, ал бір мал басының тәуліктік тұтынуы 35 келі шөпті құрайды. Яғни, бір жылға бір мал үшін 6,3 тонна шөп керек. Алайда, біздің көрсеткішіміз 4,6 тоннадан аспайды. Осылайша, бір мал үшін шөпке тапшылық 30 пайызды құрайды», - деді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Жексенбай Дүйсебаев.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 220 миллион гектар болса, оның 187 млн. гектарын жайылым жерлері құрайды.

Соңғы жаңалықтар