Мәжілісте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы талқыланады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Дүйсенбі 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ЕҚЫҰ және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Кездесу барысында тараптар бірігіп «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы талқыланатын болады. Шара барысында комитет хатшысы Светлана Бычкова баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан басқа, ЕҚЫҰ, Қаржы полициясы, Бас прокуратура, қаржы министрлігінің өкілдері сөз сөйлейтін болады. Пікірталас алаңына Тәуелсіз жемқорлыққа қарсы кеңес өкілдері де шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар