Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәжілісте жұмыс істегім келмейді - Ольга Рыпакова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Sport.inform.kz интернет-порталына сұхбат берген үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істегісі келмейтіндігін айтты.

Мәжілісте жұмыс істегім келмейді - Ольга Рыпакова

Соңғы үш Олимпиадада жүлдегер атанған Рыпакова елдегі жеңіл атлетиканың қазіргі ахуалымен, сондай-ақ алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

- Ольга, елімізде жеңіл атлетикаға деген қызығушылық тиісті деңгейде емес. Бұған не дейсіз?

- Қазіргі таңда халықтың көзқарасы өзгерді. Ақырындап жеңіл атлетика да танымал спорт түрлерінің қатарына қосылып келеді. Алдағы уақытта жоғары нәтиже көрсету арқылы жеңіл атлетиканың Қазақстандағы беделін одан ары арттырамын деп сенемін.   

- Токиодағы Олимпиада ойындарынан отандастарыңыз өзіңіз айтқан жоғары нәтижені күтеді. Дайындық қалай болып жатыр?

- Күн-түн демей жаттығып жатырмын. Дайындық жұмыстары жаман емес.

- Олимпиададан кейін, мансабыңызды аяқтағаннан кейін немен айналысу ойда бар?

- Әзірге ол туралы ойламаппын. Барлығын уақыттың еншісіне қалдырдым.

- Сәпиев секілді Парламент Мәжілісінің депутаты болғыңыз келмей ме?

- Шынымды айтсам, Мәжілісте жұмыс істегім келмейді. Өзімді билік жүйесінен көрмеймін.

 

Авторы Мұхтар Жәмішжанов