Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары өңірлерде жұртшылықпен кездесуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы аяқталғаннан кейін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары өңірлерде жұртшылықпен кездесуде. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Светлана Ферхо мен Александр Милютин Семей қаласындағы жұмыс сапарлары барысында бірқатар нысандарды аралады. «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Қарағайлы» жаңа шағын ауданында болған кездесулерге әлеуметтік сала өкілдері, педагогтар, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысып, онда зейнетақы және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы түсініктемелер берілді. Сонымен бірге, мәжілісмендер Светлана Ферхо мен Светлана Романовская партияның облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда тұрғындар зейнетақы төлеу, жер учаскелерін заңдастыру, жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Ал «Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалында Мәжіліс депутаты Ирина Аронова облыстық партия активімен жүздесіп, онда партия мүшелерінің этикалық кодексінің жобасы туралы сөз болды. Бұдан бөлек, «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясындағы кездесуде мәжілісмен екі жетім балаға «Болашаққа арналған салым» акциясы бойынша арнайы салымдардың ашылғаны туралы сертифкаттар табыстады.

Ал депутат Ольга Киколенко «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады. Онда әр түрлі мәселелер бойынша өңірдің он екі тұрғыны депутаттың қабылдауында болды. Дәл осындай шаралар Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркинаның Павлодар облысына жұмыс сапары аясында да орын алды. «Болашаққа арналған салым» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Жақсы жоғары білім - кәсіби өсім мен игілікте өмір сүрудің кепілі. Ал балалар біздің болашағымыз екенін ескерсек, шараның маңызы зор екенін түсінеміз», - дейді Айгүл Нұркина. Сонымен қатар, бір топ Мәжіліс депутаттары - Виктор Киянский, Шафхат Өтемісов, Елена Тарасенко мен Самиғолла Оразов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысындағы өңірлерді аралауда. Мәжілісмендер Орал трансформатор зауытында болып, «Родник» фирмасының және «Жастық» агрофирмасының қызметімен танысты. Ал Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары барысында депутат Шалатай Мырзахметов, Глеб Щегельский, Әмірхан Рақымжанов пен Ізбақ Өмірзақовтар бірқатар білім беру және спорт мекемелерінде болып, қызметкерлерімен жүздесті. Айта кетерлігі, бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясының жабылуы барысында сөз сөйлеген Мәжіліс спикері Қ. Жақыпов депутаттар каникулға шыққанымен, өңірлерде жұмыс жалғасатынын айтқан болатын. Осыған орай, «Нұр Отан» фракциясы депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары әлі де жалғаса бермек.

Соңғы жаңалықтар