Мәжілістегі Үкімет сағатында әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгіме болды

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары» атты тақырыпта Үкімет сағаты болып өтті.
None
None
Онда Әділет министрі Зағипа Балиева баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміз әлемдік дағдарыс тудырған қиындықтармен күресіп жатқан бүгінгі күні Әділет министрлігі өз алдында тұрған зор жауапкершілікті жете ұғынады. Осы ретте министрлік Елбасының үнемі алдыға қоятын мақсаттарын және «Дағдарыстан-дамуға» атты биылғы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау жолында аянбай еңбек етуде. Әділет министрлігінің алдағы күнгі басты міндеті мемлекеттік -құқықтық саясат бойынша стратегиялық функцияларды жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік реформалар аясындағы нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу барысында біз стратегиялық жоспардың орындалуын басты назарда ұстадық. Жалпы алғанда Әділет министрлігінің құзырына кіретін мәселелер бір-бірін қайталамайтын бағытта өрбиді. Атап айтқанда, бұл ? заң шығармашылық қызметі, зияткерлік құқық, дін, қылмыстық атқару істері, сот сараптамалары, мемлекеттік тіркеу қызметтері және басқалар», деді З. Балиева. Сонымен бірге, басқосу барысында министр ведомство жұмысына жан-жақты тоқталып, алдағы атқарар негізгі бағыттар жайында әңгіме өрбітті. Оның айтуынша, бүгінгі күні министрліктің заң шығармашылығы жұмысы бойынша бірқатар өнімді шаралар атқарылған. «Қазіргі таңда барлық нормативтік-құқықтық актілердің ғылыми сарапшылығы күшейіп отыр. Осы бағытта қызмет ететін ғалымдар барлық заң жобаларына тартылады әрі ғылыми сараптамасыз ешқандай тұжырымдама заң жобасымен жұмыс комиссиясына өткізілмейді», деді З. Балиева.
Соңғы жаңалықтар