Мәжілістегі Үкімет сағатында ғарыш саласын құру мәселелері талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 23 маусымда Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын құру барысы» атты тақырыппен Үкімет сағаты өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәжілістегі Үкімет сағатында ғарыш саласын құру мәселелері талқыланады

Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар ведомство басшысы депутаттар көтерген мәселелерге жауап беретін болады.