Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері талқыланады
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 18 қарашада Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Үкімет сағаты аясында Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, министр депутаттар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беретін болады.