Мәжілістегі Үкімет сағатында туризм саласының даму перспективалары талқыланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 16 маусым күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасы туристік саласын дамытудың перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар министр Ә.Исекешев аталған тақырып аясында депутаттар көтерген сұрақтарға жауап беретін болады.