Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында «Агробизнес-2020» бағдарламасының жобасы қаралады
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Онда депутаттардың талқылауына 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының («Агробизнес-2020) жобасы ұсынылады.
Бұл тақырыпта ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің баяндама жасауы күтілуде.