Мәжілістің алдағы жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нурлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Бюро отырысында алда болатын жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы белгіленді.
None
None

Депутаттардың қарауына ратификацияланатын бір топ құжат ұсынылады. Мәселен, Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау; 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан мен Қытай арасындағы газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық; 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттарға түзетулер енгізу мәселелері қаралатын болады.

Палата екінші оқылымда кейбір заңнамалық актілерге: мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі; жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша түзетулер енгізуді де қарайтыны күтілуде.

Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Люксембург арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған конвенцияны және осы конвенцияға түзетулерді ратификациялау туралы заң жобасына салалық комитетке қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау да ұсынылатын болады.

Депутаттар осы отырыста кейбір заңнамалық актілерге ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша түзетулермен жұмысты одан әрі жалғастыруды да анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар