Мәжілістің бірқатар депутаттары марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаттары «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының наградаларымен марапатталды. Бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов депутаттарға наградаларды тапсырды.
«Мемлекет басшысы ағымдағы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, Президент Жарлығына сәйкес, біздің бірқатар депутаттар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бұдан бөлек, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жолында үлкен үлес қосып жүрген әріптестеріміз ТМД Парламенттік Ассамблеясының наградаларымен марапатталады», - деді Қ.Жақыпов.
Атап айтқанда, елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін депутат С. Әйімбетов, М. Әшімбаев, Г. Қарағұсова, Р. Мұқашев және басқа да депутаттар марапатталды. Бұдан бөлек, парламентаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін