18:55, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің есептері кең ауқымда талқыға түсті
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат/Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің есептері кең ауқымда талқыға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкіметтің өткен жылға берген есебінде халықтың тұрмысына баса көңіл бөлінген. Айталық, экономикамен айналысатын халық санының іскерлік белсенділігін арттыру есебінен 2007 жылы 7,7 млн. адамның орнына 2008 жылы 7,9 млн. адамды құраған. Бұл ретте 2008 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 60 мың 734 теңгені құрады, ол 2007 жылғы деңгейден 14,1 пайызға жоғары.Еңбек нарығында жұмыссыздардың деңгейін азайту және халықтың ақшалай кірісін өсіру байқалды. Мәселен, 2008 жылғы төртінші тоқсанда жұмыссыздардың деңгейі 6,6 пайызды құрады, есепті жылдың 11 айында халықтың нақты ақшалай кірісі 3,4 пайызға өсті.
Кеден статистикасының деректері бойынша, 2008 жылдағы сыртқы экономикалық тауар айналымы (ұйымдастырылмаған сауда-саттықты есепке алмағанда) 109,1 млрд. АҚШ долларына жетті және 2007 жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға артты, оның ішінде экспорт ? 71,2 млрд. АҚШ доллары және тиісінше 49,0 пайыз, импорт ? 37,9 млрд. АҚШ доллары және 15,7 пайыз. Отырыста депутаттар өз ұсыныстарын алға тартты.
Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Тоқтарбай Қадамбаев: «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әлемдік экономикада сол кезде болған келеңсіз үрдістердің Қазақстан экономикасына ықпалына байланысты өте күрделі экономикалық жағдайда іске асырылды. Қазақстан Мемлекет басшысының саралап, ой елегінен өткізген саясатының арқасында ел экономикасының дамуында тұрақтылықты сақтап қалды. 2008 жылдың ішінде Үкімет әлемдік экономикада орын алған барлық өзгерістерге жедел ден қойып, ел экономикасы дамуының тұрақтылығын сақтап қалуға ықпал ететін уақтылы әрі жүйелі шаралар қабылдағанын атап өткен жөн»,- деді.