Мәжілістің қайта құрылғаны қажет - депутат Р.Ким
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанның заң шығару үдерісіне жаңа серпін әкеледі, деп есептейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким.
«Парламент депутаттарының ауқымды реформаларға қатысты жұмысын бастап кетсе, кейін сайлау барысында олар орындарын босатып жатса, меніңше, бұл дұрыс емес болар еді. Олардың мемлекеттік жұмыстарының жалғасы үзіледі. Себебі қазіргі Парламент құрамы оны бастады, ал оның жалғасын басқа құрам жалғастырады. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан түскен депутаттар аталмыш бастаманы қолдады», - деп атап өтті ол депутаттардың кезектен тыс мәжіліс сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына қатысты.
Р. Кимнің ойынша, Мәжілістің қайта құрылғаны және түбегейлі жаңарғаны қажет.
«Біз реформалардың заңнамалық негізін қалап бердік. Енді оның практикалық орындалуына жаңа көзқарасқа, әдістерге ие жаңа құрам араласуы тиіс. Бұл, меніңше, дұрыс болады», - дейді депутат.
Сонымен қатар, оның сөзі бойынша, депутаттардың ҚР Парламенті Мәжілісінің және түрлі деңгейлердегі мәслихаттың сайлауын бірге өткізу идеясы дұрыс бастама. Бұл шара 2016 жылы өтетін сайлау науқанының шығындарын біршама кемітеді.
«Әрбір теңгені сақтауымыз керек. Ең алдымен Мәжілісте, кейін мәслихат деңгейінде депутат сайлауын өткізетін болсақ, бюджетке шығын келеді. Бұл бір жағынан уақытты шығындайды, екіншіден қосымша қаражатты талап етеді. Сондықтан, менің пікірімше, сайлауды бірге өткізген жөн», - деп түйді сөзін Р.Ким.