Мәжілістің кезекті Бюро отырысы өтті
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»заң жобасы жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілетін болды.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсынды.
Сондай-ақ Үкіметтен Мәжіліске келіп түскен бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралатын болды.
Күн тәртібіне «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі мәселелер енгізілген.