18:01, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Мәжілістің салалық комитеті «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінде көшпелі отырыс өткізді
СТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінде көшпелі отырыс өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс барысында «Сыртқы барлау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына қатысты мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын мәселелер де қарастырылған.