Мәжілістің салалық комитеті жаңартылатын энергияға қатысты заң жобасы бойынша Сенат енгізген түзетулерді қарап шықты

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасына Сенат депутаттары енгізген толықтыруларды қарай келіп, қорытынды шығарды,

Мәжілістің салалық комитеті жаңартылатын энергияға қатысты заң жобасы бойынша Сенат енгізген түзетулерді қарап шықты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сенат заң жобасына 4 түзету енгізген. Сенаттың түзетулері заң жобасының тұжырымдамалық негізін өзгертпейтін болғандықтан, Мәжілістің салалық комитеті Сенат енгізген түзетулермен келісуге болатынын жазған.Айта кету керек, заң жобасының мақсаты экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін, оның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану үлесін арттыру болып табылады.Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Сенат енгізген өзгерістерге де Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті қорытынды беріп, келісім білдіруге болатынын жазған.