Мәжілістің тұрақты комитеті Сенат енгізген түзетулерге келісім беруді ұсынып отыр
АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап,
қорытынды шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенат заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейтін, барлығы 16 түзету енгізді.
Заң жобасы, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін жаңа тармақтармен толықтырылды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жобаны мақұлдағаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дереккөздермен толықтырылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 5-тармағына сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісім беруді ұсынып отыр. Енді бұл мәселе Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылатын болады.