Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып Н.Әбдіров сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Нұрлан Әбдіров сайланды.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа  комитетінің төрағасы болып Н.Әбдіров сайланды

«Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне депутат Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Мәжіліс спикерінің ұсынысы депутаттар тарабынан қолдау тапты.