Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар мәселелер талқыланбақ

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қыркүйектің 23-і күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді,

Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар мәселелер талқыланбақ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттардың қарауына бірқатар халықаралық конвенциялар мен хаттамаларды заң түрінде бекітуді қарастыратын заң жобалары ұсынылмақ.

Үкіметтен жуырда келіп түскен бірнеше заң жобасы қорытынды әзірлеу үшін салалық комитеттерге берілетін болады.

Жалпы отырыста «Спорттағы  допингке  қарсы  күрес  туралы  халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев баяндама жасайды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бағила Баймағамбетова қосымша баяндама жасайтыны көзделіп отыр.

Келесі кезекте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'А) ратификациялау туралы»  заң жобасы талқыға салынады. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов баяндап береді. Ал Палатада өткен талқылау туралы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тұрарбек Асанов түсіндіреді.

Жалпы отырыста депутаттардың ұсынуымен тағы басқа мәселелер күн тәртібіне шығарылуы мүмкін.