Мәжілістің жалпы отырысында қаралатын мәселелер анықталды
ТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.
Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», сондай-ақ кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда, ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы», «Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сербия Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы», «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізуді ұсынды.
Қаржы және бюджет комитеті кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы, ал Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті«Ғарыш қызметі туралы»заң жобасын және соған орай ілеспе заң жобасын екінші оқылымда талқылауға ұсынып отыр.
Үкіметтен Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралатын болды. Экологиялық мәселелер және де «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар да Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылады. Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.