Мәжілістің жалпы отырысында комитеттер төрағалары сайланды
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Мәжіліс комитеттерінің төрағаларын сайлады.
Отырыс барысында Мәжіліс депутаттарының басым даусына ие болған Ромин Мадинов Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, Дариға Назарбаева Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы, Рахмет Мұқашев Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің төрағасы, Гүлжан Қарағұсова Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, Мәулен Әшімбаев Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Алексей Милютин Экологиялық мәселелер және табиғатты қорғау комитетінің төрағасы, Сейітсұлтан Айымбетов Экологиялық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.