Мәжілістің жалпы отырысында қос Палата арасындағы келісім комиссиясының ұсыныстары тыңдалады

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Наурыздың 31-і күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның күн тәртібіне 15 заң жобасы еніп отыр.

Кейбір заңдарға қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға қатысты заң жобасы бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары тыңдалады.

Сонымен қатар жалпы отырыста халықарылық келісімдер негізінде жасалған заң жобалары қаралады.

Сондай-ақ биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді көздейтін заң жобасы үшінші оқылымда депутаттар талқысына ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар