Мәжілістің жалпы отырысында негізінен сот, қылмыстық істер, өлім жазасына қатысты заң жобалары талқыға салынады

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, мамырдың 27-сінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. Онда Палатаның салалық комитеттерінің ұсыныстары бойынша оннан астам мәселе қаралады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Палатаның жалпы отырысында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы екінші оқылымда қаралады. Кейбір заңдарға өлім жазасына қатысты түзетулер енгізу мақсатын ұстанған заң жобасы да екінші оқылымда талқыға салынады. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және соған сәйкес бірнеше заңдарға енгізілетін түзетулер де екінші оқылымда талқыланатыны көзделіп отыр.Сол секілді еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң жобалары бірінші оқылымда талқыға шығарылады. Сонымен қатар бірқатар заңдарға атқарушылық іс жүргізуге қатысты түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасы бірінші оқылымда қаралатыны жоспарланған.«Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы және соған сәйкес заңдарға енгізілетін түзетулер бірінші оқылымда талқыға салынатын болды.
Соңғы жаңалықтар