Мәжілістің жалпы отырысында жиырмаға жуық мәселе қаралмақшы

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қазанның 7-сі күні, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді,

Мәжілістің жалпы отырысында жиырмаға жуық мәселе қаралмақшы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар бірінші кезекте Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселесін қарайды.

Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң  жобасына Парламент Сенаты енгізген  түзетулер қаралмақшы.

Сол секілді «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты жалғастыру жөніндегі мәселе күн тәртібіне шығарылмақ.

Сонымен қатар күн тәртібі жобасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер жөніндегі мәселе енгізілген.

Осы күні «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы депутаттар талқысына түсетін болады.

Және де «Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға салынады.