Мәжілістің жалпы отырысының online режимінде өтуі депутаттар жұмысының ашықтығына ықпал етеді - Н. Нығматулин

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырысты ашқан Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа жұмыс сипатының маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.
- Бүгіннен бастап жалпы отырыс ғаламторда тікелей байланыс арқылы өтетін болады. Сондықтан, әрбір адам Парламенттің ресми сайтына кіріп, жедел ақпарат көзінен қандай заң жобалары қаралып, депутаттар мен заң жобаларын әзірлеушілер арасында қандай пікірталастар болып жатқанын сол жерде білетін болады. Бұл Мәжіліс жұмысының бұрынғыдан да ашықтығын және қолайлылығын қамтамасыз етеді, - деді Нұрлан Нығматулин.
Ал, халық қалаулыларының жұмысымен етене танысып, мемлекетіміз үшін маңызды шешімдердің қабылдану сәтіне куә болғысы келген кез-келген азамат www.parlam.kz . сайтына кіріп, толық ақпарат алуына болады.
Мәжілісте әрбір сәрсенбі сайын өтетін жалпы отырысты онлайн арқылы тарату таңғы сағат 10-да отырыс жұмысы басталғаннан, соңына дейін жалғасады.