Мәжілістің жұмыс аптасы заң жобаларын талқылауға арналған

АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжіліс депутаттарының алдағы жұмыс аптасы заң жобаларын жан-жақты талқылауға арналған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарашаның 2-сі мен 6-сы аралығындағы Парламент Мәжілісінің апталық жоспары Үкімет сағатында басталады. Дүйсенбі күні Мәжілісте «Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу туралы»  тақырып бойынша Үкімет сағатында ҚР Табиғи   монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы  Нұрлан Алдабергенов баяндама жасайтыны жоспарланған.

Қарашаның 2-сі күні түстен кейін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтеді. Онда «Білім туралы» заңға енгізілетін толықтырулар талқыға салынбақшы.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобының отырысында білікті заң көмегін қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы қаралады. Сондай-ақ осы комитеттің жұмыс тобы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» және соған сәйкес бірқатар заңдарға түзету енгізуді қарастыратын заң жобасын талқыға салады.

Осы күні Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде құрылған жұмыс тобы «Энергия үнемдеу туралы» және «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық  актілеріне  энергия үнемдеу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарауды одан әрі жалғастырады.

Сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері Палатаның барлық салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.

Қарашаның 4-і, сәрсенбі күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған.

Жұма, қарашаның 6-сы күні, Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген.

Соңғы жаңалықтар