Мәжілістің жұмыс аптасында көптеген шаралар өтетіні қарастырылған

АСТАНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Маусымның 22-сі мен 26-сы аралығындағы Парламент Мәжілісінің апталық жоспары заң жобаларын жұмыс тобында талқылауына негізделген,

Мәжілістің жұмыс аптасында көптеген шаралар өтетіні қарастырылған
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Парламентшілердің жұмыс аптасы бірқатар салалық комитеттерде құрылған жұмыс топтарының отырыстарымен басталады. Дүйсенбі күні «Босқындар туралы» заң жобасы қаралмақшы. Сондай-ақ Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік статистика туралы» және соған сәйкес бірқатар заңдарға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының таныстырылымы өтеді. Маусымның 22-сі күні ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді.Сейсенбі, маусымның 23-і күні, Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Ал сәрсенбі, маусымның 24-і күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған. Бейсенбі және жұма күндері Палатаның салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.