Мәжілістің жұмыс аптасында заң жобаларын талқылау жалғасын табады

АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Наурыздың 16-сы мен 20-сы аралығындағы Парламент Мәжілісінің апталық жоспары заң жобаларын жұмыс тобында талқылауына негізделген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламентшілердің жұмыс аптасы «Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары» деген тақырыптағы Үкімет сағатынан басталады. Онда ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева баяндама жасайды. Дүйсенбі күні Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобы еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі түзетулерді қарайды. Сондай-ақ осы комитетте «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», кейбір заңнамалық актілерге өлім жазасы мәселелері бойынша түзетуді талқыға салады.Осы күні Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің жұмыс тобы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасын қарайды. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіндегі жұмыс тобында депутаттар «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын талқылайды. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмыс тобында «Мәдениет туралы» заңға енгізілетін толықтыруларды қарау одан әрі жалғасын табады.
Соңғы жаңалықтар