Мәжит Есенбаев кеден одағының жұмысын бақылайтын қоғамдық комиссия құруды ұсынады

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басшысы Мәжит Есенбаев Кеден одағының жұмысын бақылайтын қоғамдық комиссия құруды ұсынды.

Мәжит Есенбаев кеден одағының жұмысын бақылайтын қоғамдық комиссия құруды ұсынады

Ол бұл ұсынысын бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің қатысуымен өткен ведомствоның алқа мәжілісінде жасады. Оның атап өтуінше, мұндай қоғамдық бірлестік кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар комиссия тұтынушылардың проблемаларына назар аудартып, кедендік бақылау рәсімдеу және бақылау процедураларын жеңілдетуге әрі оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. «Мұндай қоғамдық бақылау «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастыруға болады», - деді комитет төрағасы.

Жалпы М.Есенбаевтың алға тартқан деректеріне сәйкес, өткен жылы 65 кеденшінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 50 қызметкер жұмысынан босатылған.