Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин Астанада жұмыс күні басталатын уақытты сағат 9-дан 7-ге ауыстыруды ұсынды. 

Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Ашық статистикалық деректерге сүйенсек, Астана қаласындағы жұмысшылардың 50%-дан астамы мемлекеттік мекемелерде қызмет етеді. Осыған байланысты орталық атқарушы органдардың ұлттық компаниялардың, ведомстволарға бағынышты ұйымдардың қызметшілеріне арналған көлік ағынын қайта реттеу мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ, агломерациялардағы көлік саясатының аясында аталған санаттағы ұйымдардың жұмыс уақытын ауыстыру мәселесін қарастыру ұсынылады, — деді ол.

Депутаттың сөзінше, зерттеулер еңбек өнімділігі таңғы сағаттарда әлдеқайда жоғары екенін көрсеткен.

— Жұмыс кестесін сағат 9-дан 7-ге және 8-ге ауыстыру ұсынылып отырған шараларға айтарлықтай сай, — деді депутат.

Еске салсақ, 19 наурызда Өскеменде жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар