Мәжіліс қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пунктері туралы келісімге өзгеріс енгізді

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды қабылдады.

граница Кыргызстан Казахстан
Фото: Александр Павский / Kazinform

Құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, хаттама V Жоғарғы мемлекетаралық кеңес барысында Мемлекет басшылары қол қойған шешімді орындау аясында жасалған.

- Бұл құжат «Кеген-Қарқыра» автомобиль пунктінің жұмыс істеу тәртібін «жарық уақыттан» «тәулік бойына» ауыстыруды көздейді. Аталған шара өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Шекара арқылы 2025 жылы 11 миллион адам, 3 миллион көлік өткен. Аталған өзгерістер, екі ел арасындағы көлік-транзиттік қатынасты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз, - деді Нұрлан Саурабаев.

Бұған дейін Алматы мен Ыстықкөл арасын тікелей жалғайтын жолдың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар