Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат жобасын 4 сағат бойы талқылаған депуттардың басым көпшілігі жаңа редакцияны қолдап дауыс берді. Қалыс қалғандар саны – 9, қарсы болғандар – 7, 1 депутат дауыс бермеді.
Сондай-ақ «Ақ жол», ЖСДП мен Қазақстан халық партиясының фракция төрағалары кодекс жобасы өздері қоспақ болған ұсыныстарды енгізген жағдайда ғана қабылдану керек деген ұстанымдарын айтты.
Құжатты депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырған болатын.
Оның сөзінше, ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегі 40 млн теңге болуы мүмкін.
Осы шешімнің аясында Үкімет жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімін қатаңдатпақ.
Вице-премьер ҚҚС-тің төменгі шегі 40 млн теңге болса, салық түсімі қанша болатынын да айтты.
Ал ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салыну ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, ауылшаруашылық тауар өндірушілер ҚҚС-тан толық босатылмайтын болды.
Жаңа редакцияда 1,3 трлн теңгеден асатын 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылған.
Сонымен бірге, Серік Жұманғарин корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өсетін салаларды атады.
Сондай-ақ, ол сән-салтанат салығы кімдерге салынатын айтты. Нақтырақ айтсақ, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелері ұлғайтылған салық төлейді.
Ал жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар табысының 15 пайызын салыққа төлеуі мүмкін.
Ұсынылып отырған реформа бойынша, салық есебін тапсыратындар саны 30 пайызға қысқармақ.
Серік Жұманғариннің пайымдауынша, үй жанындағы дүкендер мен шаштараздар иелеріне бұл реформадан қорқудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, вице-премьер жаңа Салық кодексінің қағидаты бойынша байлар көбірек салық төлеуге тиіс екенін айтты.
Кодекстің жаңа редакциясына БАҚ-ты ҚҚС-дан босату туралы ұсыныстар енбегені белгілі болды.