17:06, 06 Ақпан 2024 | GMT +5
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирустан емделіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты емделіп жатыр. Бұл мәліметті палатаның баспасөз қызметі растады.

«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр», - деп нақтылады баспасөз қызметі Kazinform агенттігіне.
Белгілі болғандай, палата спикері коронавирус инфекциясына шалдыққан.
Айта кетейік, Ерлан Қошанов бүгін Мәжілістің жалпы отырысына қатыспады.