Мәжілісте маска режимі енгізілді

мәжіліс
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Парламенті Мәжілісі ғимаратында маска тағып жүру режимі енгізілді. 

«Президент ісі басқармасы медицина орталығының бас санитарлық дәрігері А. Темірғалиеваның 6.02.2024 ж. қаулысына сәйкес Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 7 ақпаннан бастап міндетті маска тағу режимі енгізілді. Сонымен қатар індеттің алдын алу шаралары жүріп жатыр. Мәжілістегі іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі,- деп хабарлады ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Мәжілістің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінен іс-шараларға маска тағып келуді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар