Мазутқа сүңгіген Ресей тұрғыны интернеттің жұлдызына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернетте Ресей тұрғыны болуы мүмкін азаматтың мазут толы бассейінге секіру кезінде түсірілген бейнекөрініс уақыт өткен сайын кеңінен танымал бола түсуде.

 Мазутқа сүңгіген Ресей тұрғыны интернеттің жұлдызына айналды

Оқиғаның қайда болғаны белгісіз. Алайда жазбада бұны «орыстар ойлап тапқандығы» жазылған деп хабарлады Риа Новости.

Бейнекөріністе жас жігіттің басына пакет киіп алып, мазут толы бассейнге секіргендігі анық қөрініп тұр.

Бассейннен шыққан соң ол өзінің ештеңені көрмей тұрғандығын және тынысы тарылып бара жатқандығын айтады. Алайда жігіттің бұл қылығы достарына күлкілі болып көрінеді. Олар жолдастарын мазуттан тазартпақ болып, су шаша бастайды. Алайда одан ешқандай нәтиже шықпады.

Бейнекөріністің соңында жас жігіт басынан аяғына дейін мазутқа оранған күйі жүрді және ол ештеңе көрмейді. Оның көру қабілеті қалпына келді ма, келмеді ма ол жағы де белгісіз, деп хабарлайды агенттік.