Мбаппе күдікке ілінген зорлау ісі бойынша тергеу тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Прокуратура жеткілікті дәрежеде дәлел таба алған жоқ әрі айып тақпайды, деп жазады BBC.

Мбаппе
Фото: Реал Мадрид ФК

Іске қатысы бар адамның аты-жөні әлі аталған жоқ. Прокуратура хабарламасында тек «зорлау және екі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша бір адам күдікті ретінде анықталғаны» айтылады. 

Швецияның Aftonbladet және Expressen газеттері бұған дейін әңгіме «Реалдың» шабуылшысы және Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе туралы болып жатқанын жазған.

Футболшы барлық айыптарды жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, биыл Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды.

 

Соңғы жаңалықтар