McDonald's мейрамханасында тағамның ішінен адамның тісі шыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Осака префектурасындағы McDonald's мейрамханасында қонақтардың бірі фри картобында адамның тісін тапқан. Бұл туралы жапондық The Mainichi басылымы хабарлады.
None
None

McDonald's өкілдері адам тісінің тағамға түсуі екіталай екенін мәлімдеді. Сонымен қатар бұл оқиға өткен жылдың тамыз айында Каватинагано қаласында болған, алайда ол туралы қазір ғана белгілі болды.

Осыған дейін белгілі болғандай, Жапонияда McDonald's мейрамханалар жүйесінің бірінде тауық етінен жасалған котлеттен пластмасса кесегі шыққан болатын, деп жазады «Газета.Ru».

Соңғы жаңалықтар